Фархад Харки Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Олимпиадада ауыр атлетикадан 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Фархад Харки қола жүлдегер атанды

Олимпиадада ауыр атлетикадан 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Фархад Харки қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауыр атлетикадан нәтижеміз күн сайын жақсарып келеді. Жарыстың алғашқы күні Маргарита Елисеева бесінші орын, кеше Арли Чонтей төртінші орын алып еді, бүгін Харки үштікке ілінді. 
Фархад жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады.  Ол алдымен 135 келіні көтерді. Одан соң 140 келіге екі рет тапсырыс берді. Бірақ көтере алмады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтап, кіші қола жүлдеге ие болды. 
Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні көтеріп,  қос сайыстың қорытындысы бойынша 305 келімен қола жүлдегер атанды. 
Алтын жүлдені колумбиялық зілтемірші (320 келі) Оскар Фигероа алса, күміс медаль индонезиялық спортшы Эко Юли Ираванға (312 келі) бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасына үшінші жүлде түсті. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілеген  еді.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер көмекті кімнен сұрай алады – Нұсқау

Жылдың басы елімізде көптеген апаттармен есте қалды. Бұған дейін өрт, газ жарылыстары жиі болған еді, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *