Енді Интернет арқылы заңға қайшы ақпаратқа шағымдануға болады

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми сайтында «Шағымдану» қосымшасы ашылды. Бұл қосымшада тұрғындар Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпарат жарияланғаны туралы мәлімет қалдыра алады, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қымбатты достар, біздің министрлік сайтында «Шағымдану» бөлімі ашылды. Ол жерге кез келген азамат Интернетте Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпараттың жарияланғаны туралы хабарламасын қалдыра алады.

Мәселе негізінен әлеуметтік желілердегі суицидті, есірткіні насихаттаған, терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және сайттарға қатысты.

Аталған бөлімде қолданушы заң бұзушылық категориясын таңдап, материалдың сілтемесін енгізіп, шағымын уәкілетті органға жолдай алады. Біз тіркелу формасын қолданушыға барынша ыңғайлы, қарапайым етуге тырыстық», — деп атап өтті Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, министрлік әрбір шағым бойынша жедел әрекет етіп, жарияланған материалдарға құқықтық баға береді.

«Егер заң бұзушылық нақтыланса, олар еліміздің аумағында бұғатталады.Сонымен қатар, бізге журналистер тарапынан қандай да бір ресурстың не себепті бұғатталғаны туралы сұраным жиі түседі. Осы орайда біз мұндай ақпарат қоғам үшін ашық болуы керек деп санаймыз.

Сондықтан алдағы уақытта ресурстардың жабылуының себебін көрсете отырып, бұғатталған сілтемелер базасын құруды жоспарлап отырмыз», — деген ведомство басшысы сайттың гиперсілтемесін де жариялады.

«Егер өзіңізге немесе жақындарыңызға қауіп төндіретін контентті көрсеңіз, сілтемесін мына адреске жолдауыңызға болады:http://mic.gov.kz/kk/complain» — деп түйіндеді министр.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан тұрғындары мереке күндерін қосқанда 10 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *