Қарағанды облысында «БЖК-2020» аясында жобалар мақұлданды

Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында 107 жоба мақұлданды

Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында 107 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Bnews.kz .

ИИДМБ бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен өтті.
«Үйлестіру кеңесінде соңғы мақұлданған 19 жобаның ішінен «Құрма агрофирмасы» компаниясының 2 жобасын атап өтуге болады. Бұл жұмыртқа тасымалдауға арнаған ленталық конвейер мен жұмыртқа сұрыптау және жинау желісін сатып алу. Бизнес идеяны жүзеге асыру үшін кәсіпорын «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 19% мөлшерлеме бойынша несие рәсімдейді. Жоба Абай ауданының Құрма ауылында жүзеге аспақ. 10 пайызын мемлекет төлесе, қалған 9%-ын кәсіпкер өзі өтейді», — деді Н.Әбдібеков.+
Жобаны жүзеге асыру 14 жаңа жұмыс орнын ашуға, бюджетке түсетін салық және өзге де төлемдерді 5,5 млн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.
Мақұлданған өтінімдер тізіміне тұру қызметін көрсету саласына жататын жоба да кірген. Аталған жобаны кәсіпкер Антонина Бикбаева жүзеге асыруда. Қазір оның шағын қонақ үйі мен азық-түлік дүкені бар, алайда халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін кәсіпкер мейманханаға жапсарлас екі қабатты ғимараттың құрылысын бастауға бел буды. Бұған қоса қажетті жабдық та сатып алмақ.
Жобаны Даму қорының кепілдігімен «DeltaBank» АҚ қаржыландырады. Кредит 4 жылға 14 пайыздық мөлшерлемемен беріледі, оның 7%-ын мемлекет субсидиялайды.
Бұған қоса Өңірлік үйлестіру кеңесінің соңғы отырысында шикізат, қосымша материалдар мен құрастыруға қажетті бұйымдар алуға қаржысы жетпей жатқан кәсіпорындарға қолдау көрсетілді.

Автор: Индира Токмурзина

Читайте также

Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан тұрғындары мереке күндерін қосқанда 10 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *