Хабар

Жаңа туған сәбиді біреуге берудің кез келген формасы заңсыз – ІІМ өкілі

Жаңа туған нәрестеге ЖСН жасалмай тұрып, ID код берілетін болды. Перзентханалардағы бала саудасына тосқауыл қою үшін осындай шара қабылдау қарастырылып жатыр.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Мен жаңа туған балаларды басқа адамдарға беруге байланысты кез келген операциялардың заңсыз екендігіне азаматтардың назарын аударғым келеді. Мысалы, биыл шілдеде Шымкент соты өзара келісіп, кейіннен жаңа туған нәрестені беру туралы мәмілені заңсыз орындаған екі отбасының үстінен айыптау үкімін шығарды. Баланың биологиялық анасы туу туралы куәлікте «жұбайы» бағанында нәрестенің биологиялық әкесінің емес, сатып алушының деректерін көрсеткен. Кейін ол нотариуста баладан бас тартуды ресімдеген. Бұл іс бойынша барлық адамдар әртүрлі жазаға тартылды», – деген Санжар Әділов келешекте осыған ұқсас жағдайлар болмас үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірқатар ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қабылдағанын атады.

Нақты айтсақ, балалардан бас тартуды нотариалды куәландыруға және оларды үшінші тұлғалардың құруына келісуге тыйым салынатын болды.

«Бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасына прокурордың қатысуы міндеттелді. Перзентханада әділет органдарынан ЖСН алынғанға дейін баланың ID кодын қалыптастыру механизмі енгізіліп жатыр», – деді ІІМ өкілі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button