Социальные темыХабар

Қарағандыда инклюзивті спорт орталығы жұмыс істей бастады

Қарағандыдағы ATLANT спорттық-сауықтыру орталығында дені сау адамдармен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдар да айналыса алады. Бұл кешен мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдайды.

Атлант орталығында бірден көзге түсетіні – ыңғайлы пандус. Спорт кешенінде барлығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне қарай жабдықталған. Лифт, тұтқалар, арнайы көтергіштер, санитариялық арбалары бар дәретхана және душ кабиналары.

Әр түрлі спорт түрлерінен ақылы сабақтармен қоса, мүгедек балалар мен ересектерге тегін қатысуға мүмкіндік бар. «Отзыв» ҚҚ көмегімен денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлме ашылды. Даму, қарым-қатынас және пайдалы дағдыларды игеру үшін қажетті құрал-жабдықтар қарастырылған. Сонымен қатар, ерекше балалар жүзу, бокс, таэквондо, еркін күрес, ММА, стретчинг, кикбоксинг секцияларына жазыла алады.

Аутист балаларға арналған кикбоксингті осы бағытта арнайы оқудан өткен Александр Логинов үйретеді.

Арбадағы адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Шағын және үлкен бассейндерде сырғып кетпейтін жолдар бар, адамды суға түсіруге көмектесетін арнайы механикалық «крандар» бар.

Орталықта бейімделген фитнес бөлімі де ашылады.

Көп ұзамай тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған оңалту залы іске қосылмақ. Арнайы тренажерлардағы сабақтар кәсіпқойлардың басшылығымен өтеді. Орталықтың реабилитолог-нұсқаушыларының бірі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, параармресслингтен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы Никита Ермаков.

Тренажер залында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолжетімді заманауи Technogym снарядтары орнатылады.

Тағы бір маңыздысы, барлық жаттықтырушылардың біліктілігі және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу құқығы бар.

Atlant спорттық-сауықтыру орталығы Пришахтинскіде орналасқан.

 

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button