Қазақстан халқына қоры алаяқтық фактілердің көбейгенін ескертеді
Тұрғындарға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан алаяқтардың қоңырау шалуы жиілеп кетті, деп хабарлайды novoetv.kz аталған ұйымға сілтеме жасап.
«Құрметті қолданушылар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертеді. Алаяқтар өздерін қор өкілдері ретінде таныстырады. Оларға тұрғындарға жәрдем ұсынып, «Қазақстан халқына» қорына жүгінгендер материалдық төлемге ие бола алатынын айтады. Сондай-ақ, қолдау көмегін алу үшін алаяқтар абоненттерден «1414» қысқа нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жіберілген кодты жазуды, содан кейін «Қазпошта» АҚ арқылы ақша алуды сұрайды», – делінген ақпаратта.
Осы орайда қор қазақстандықтарды сақ болуға шақырады.
«Қазақстан халқына» қоры «Қазпошта» АҚ арқылы қолма-қол төлемдерді тағайындамайды және қор қызметкерлері ешбір жағдайда SMS-код сұрамайды. Алаяқтармен ешқандай ақпаратпен бөліспеңіз. Сонымен қатар «1414» нөмірінен алынған құпия кодты үшінші тұлғамен бөліспеңіз», – деп хабарлайды аталған ұйымнан.
Одан бөлек, мессенджер арқылы бейне-аудиоқоңыраудың жасалмайтындығы ескертелген.
«Барлық өтінім тек qazaqstanhalqyna.kz және атаmekenim.kz қайырымдылық ұйымының сайтында бірыңғай реестр арқылы қабылданады. Ол жерде қолданушы өз өтініші жайлы толық ақпарат ала алады», – деп толықтырды «Қазақстан халқына» қорынан.