Хабар

Интернет алаяқтардың орташа жасы қанша

Интернет алаяқтардың алдауына түсіп қалмаудың амалы қандай? Алаяқтардың орташа жасы қанша? Бұл сұрақтарға Астана қаласы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мәдиев жауап берді.

«Интернет алаяқтардың жасы әртүрлі. Олар заманауи ақпараттық технологияны терең меңгеріп, банк операциялары туралы жетік біледі. Ең бастысы адамдармен психологиялық тұрғыдан жақсы жұмыс жасайды. Яғни алаяқтардың адамдармен әңгімелесу мен тілдесуде өз тәсілдері бар. Одан қалды жеңіл табысқа кеңелесің деп уәде етуі мүмкін. Жас мөлшеріне келсек, орташа есеппен 17 мен 45 жас аралығы», – деді Қайрат Мәдиев аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, алаяқтар алдымен адамның сеніміне кіреді. Содан соң ойын жүзеге асыра бастайды.

Сондай-ақ полиция өкілі интернет-алаяқтықтан сақ болу мақсатында жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу керектігін ескертті. Бұл әсіресе банк шоттарына қатысты.

«Интернет-алаяқтық әрекеті бойынша шағым түскен бойда біздің мамандар жұмысқа кіріседі. Сол сияқты әлеуметтік желілерде мониторинг жүргіземіз», – дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Астанада интернет-алаяқтықтан келген жалпы шығын көлемі 1 млрд 657 млн теңгені құрайды.

Соңғы 5 жыл ішінде елорда аумағында интернет-алаяқтыққа қатысты 9944 іс тіркелген.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button