Хабар

Жүргізуші куәлігін әлеуметтік желіде сататындар көбейген

Әлеуметтік желілердегі алаяқтық әлі де азаймай тұр. Әккілер оңай ақша табудың түрлі тәсілін меңгеріп ал­ғаны соншалық, неге сұраныс артса, сол жаққа қарай дереу «бет бұра» қояды. Соңғы уақытта әлеу­мет­тік желілерде азаматтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын хабарламалар жиі шыға бастаған.

Осыған орай «Азаматтар­ға арнал­ған үкімет» мемлекет­тік корпорациясы әлеумет­тік желілерде жүргізуші куәлі­гін ұсынатын алаяқтардың жиі­леп кеткенін ескертіп, алаяқ­тардың құры­ғына түсіп қалу­дан сақ болуға шақырады. Таяуда ғана мемлекеттік корпорация халық көп пайдаланатын желілерде азаматтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтаған. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді – клиент олар­ға қоңырау шалған кезде олар дайын жүргізуші куәлігі үшін 50-60 мың теңге көлемінде ақша сұрайды және құжатты бір ай ішінде беруге уәде бе­реді. Ақшаны алғаннан ке­йін әлгілер әлеуметтік желі­дегі бүкіл байланыстарын өз­гертіп, өздері жасырынып, телефондарын өшіріп тастайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­рациясының қыз­мет­керлері осындай хабарламалар­ды тұрақты негізде қадағалап, анық­талған ақпараттарды құ­қық қорғау орган­дарына жолдап отырады. Мәсе­лен, биылғы сәуір айында ІІМ-ге жүр­гізуші куәлігін алуға заңсыз түрде көмек­тесу­ге үн­деген 12 факті бойынша ақ­парат берілген.

Осыған орай ІІМ өкілдері мен «Аза­маттарға арналған үкімет» мемле­кеттік корпо­ра­циясының қызмет­кер­лері жүргізуші куәлігін тек тиісті емти­хандардан өту арқылы мамандан­дырылған Халық­қа қызмет көрсету орта­лық­­тарынан алуға болатынын еске салады. Сондай-ақ жүр­гізуші куәлігі үшін 1,25 АЕК (3 975 теңге) мөлшерінде мем­лекеттік баж салығын тө­леу қажет.

Емтихандар кезінде алдымен тео­риялық, содан кейін тәжірибелік сынақ­тар тапсырылады. Теориялық емтиханда 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру қажет болса, автодромдағы практикалық емтихан кезінде 20 минут ішінде жүргізуші куәлігін алуға үміткер авто­көлікпен жүру арқылы 12 сынақтан өтуі керек. Егер үміт­кер екі емтиханнан да сүрін­бей өтсе, оған жүргізуші куә­лігі беріледі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button