Қарағандылықтарды облыстық отбасылық жарыстарға қатысуға шақырады
Қарағанды облысында 18-21 ақпан аралығында “Спорттық отбасы – салауатты ұлт” онлайн-біріншілігі өтеді. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Жарысқа әкесі, анасы және 12 жасқа дейінгі баладан топ құрап, барлық тілек білдірген отбасылар қатыса алады. Жалпы есепте үш жаттығудың нәтижелері кіреді. Әр отбасынан бір спорт түрінен ролик жіберуге рұқсат етіледі. Музыкалық сүйемелдеуге де рұқсат беріледі.
Жаттығуды орындау алдында қатысушылардың бірі бейнеде құжаттарды көрсетеді: баланың туу туралы куәлігі, ересектердің жеке куәлігі және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә., олардың туған жылы және тұратын қала/ауданын дауыстап айтады. Біріншіліктің бір түрінің видеосын төменде көрсетілген нөмірлерге жіберу керек.
Әке, ана және бала жаттығуды бір уақытта орындауы керек. Есепке жалпы орындалған сан есептеледі. Яғни, отбасы мүшелерінің бірі тоқтай қалса, басқа қатысушылар есеп жүргізуді жалғастырад. Әрбір бейнеде отбасының тегі көрсетілуі керек.
Бейнелер 21 ақпан 18.00-ге дейін жіберілуі тиіс.
Жарыс бағдарламасы:
1. Джампинг Джек. 30 секундта қолдар мен аяқтарды бір уақытта сощу арқылы секірудің максималды санын орындау керек. Бейнеде жаттығудың өзі және секундомер қосулы болуы керек. Роликтерді WhatsApp-қа жіберу: +7-705-266-69-65 (Эльмира Сейфуллина) немесе +7-775-808-01-20 (Әсет Ахметов).
2. Іш бұлшық етіне арналған жаттығу (пресс). Еденде жатып орындалады, тізелер бүгілген, қолдар бастың артында құлыптап ұсталады. Тізені шынтақтарына тигізе отырып, 30 секунд ішінде дененің бүгілуі мен кеңеюінің максималды санын орындау керек. Роликтерді WhatsApp-қа жіберу: +7-776-548-88-99 (Владислав Фризен) немесе + 7-778-475-43-89 (Сергей Бекетов).
3. Орнынан ұзындыққа секіру. Бұл жаттығу үшін сізге ұзындығы 3 метрден асатын рулетка қажет. Аяғыңызбен “нөл” белгісінде тұрып, алға қарай максималды секіруді орындаңыз, бейнеде серпіліс, секіру және қонуды бекітіңіз. Өкше тиген жер бойынша нәтижені нақты көрсету керек. Роликтерді WhatsApp-қа жіберу: +7-701-811-29-98 (Татьяна Агеева) немесе +7-702-142-87-47 (Андрей Агеев).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық отбасылар облыстық біріншілікке қатысушының электронды сертификатына ие болады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша