Хабар

Балқаш қаласына Ақтоғай ауданының екі ауылы қосылды

Облыстық мәслихаттың қарауына Саршаған кентін Приозерск қаласына және Шашубай кентін Балқаш құрамына қосу мәселесі ұсынылмақ.

 

Ақтоғай ауданына қарасты екі ауыл – Шұбартүбек пен Тораңғылық Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық басқаруына берілді. Бұл шешімді Қарағанды облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс VIII сессияда мақұлдады, деп хабарлады Saryarqanews.kz.

Шешімге сәйкес, Ақтоғай ауданына қарасты 8 744 га жер телімі енді Балқаш қаласының құрамына енеді. Қалаға берілетін жердің 5 412 гектары Шұбартүбек, 2 627,2 гектары Тораңғылық ауылына тиесілі. Ал қалған 700,7 гектар Ақтоғай ауданының жер қоры есебінен алынады.

“Шұбартүбек ауылы мен Тораңғылық ауылдық округін Балқаш қаласына қосу жергілікті маңызға ие бірқатар мәселені оң шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және абаттандыру, жарық орнату, ағаш егу мәселелерін реттеу мен санитарлық тазалық жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Балқашқа 8 487 гектар жайылым және 257 гектар өзге мақсаттағы жер беріледі”, – деді облыстық экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қаланың құрамына қосылатын ауылдарда 163 тұрғын үй, 236 демалыс аймағы, 4 дәріхана, 3 спорт зал, 42 стадион мен спорт алаңқайлары, 4 қайық станциясы, 65 дүкен, 65 қоғамдық тамақтану орны, 5 монша, 2 өрт сөндіру депосы және этнографиялық мұражай салу көзделуде.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы алдағы уақытта тағы өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтты. Яғни, облыстық мәслихаттың қарауына Саршаған кентін Приозерск қаласына және Шашубай кентін Балқаш құрамына қосу мәселесі ұсынылады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button