Хабар

Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстанатын қандастарға қандай көмек қарастырылған

Биыл Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа арнайы алгоритммен тұрақты тұратын нақты өңірді көрсете отырып, тиісті виза берілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикаға визалық режимдегі елдерден келген қандастарды қабылдау, қоныстандыру және бейімдеу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қадамдық алгоритмін әзірледі.

Бүгінгі күні Түркіменстаннан келген 666 этникалық қазақ жоғарыда көрсетілген виза негізінде мемлекеттік шекарадан өтті.

Оның ішінде 59 адам Павлодар облысына келді, 162 адам жұмыс күші тапшы басқа өңірлерге қоныс аударуға келісті.

45 адам Маңғыстау облысына жайғасуға өтініш берді (негіздемелері бар).

Қалған этникалық қазақтарды жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру жұмысы жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізген кезде этникалық қазақтар субсидия түрінде мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларын алуға құқылы:

– отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге);

– тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем 1 жыл ішінде ай сайын төленеді.

Төлем мөлшері қалаға қоныс аударған бір адам үшін 20 АЕК-тен (61,3 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес және одан да болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылдық жерге қоныс аударған бір адам үшін – 15 АЕК-тен (45,9 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес немесе одан да көп болса 21 АЕК-ке (64,3 мың теңге) дейін.

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button