Хабар

Жұмыссыз қалғандар енді жарты жыл еңбекақысының 45 пайызын алып отырады

2023 жылдан бастап жұмыссыз қалған азамат 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«Әлеуметтік кодекстің төртінші жаңалығы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты. Қазіргі жүйе әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрін сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, ол сақталады. Дегенмен, мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бақытталмай, ең алдымен формалды форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр бұл мақсатты орындау үшін, ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын айтты. Екіншіден, әлеуметтік жарналарын уақтылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

«Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр», – деді ол.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button