Хабар

Тышқан – ғылым нысанасы

Шыны керек, қазіргі әрбір ғылыми зерттеуге тәжірибе ретінде тышқан жиі қолданылады. Мұның себебі неде? Не үшін тышқан ғылыми тәжірибе барысында «құрбандыққа» көп шалынады? Сөйтсек, мұның алуан түрлі себебі бар екен.

Адамдар мен тышқандардың ортақ генетикалық ерекшеліктері көп екені ғылымда дәлелденген. Оның үстіне ға­лымдар іргелі зерттеулер барысында тышқанның физиология­сын, анато­миясын және метаболизмін зерттеу арқылы адамның қалай жұмыс істей­тіні туралы құнды түсініктерге ие болады. Бұл дегеніңіз – тышқандар­дың адам гендерінің ұқсас факторларға қалай әрекет ететінін түсіну үшін керемет сәйкестік. Генетикадан басқа, тышқан­дардың биологиялық жүйелері адам­дардікі сияқты жұмыс істейді.

Соңғы екі онжылдықта бұл ұқсас­тықтар бұрынғыдан да күшейе түсті. Ғалымдар енді «трансгендік тышқан­дар» деп аталатын, адам ауруын тудыра­тын­дарға ұқсас гендерді тасымалдайтын генетикалық өзгеріске ұшыраған тыш­қандарды өсіріп жатыр. Осы арқы­лы ғалымдар қатерлі ісік тудыратын химиялық заттардың әсерін білу және есірт­кі қауіпсіздігін қадағалау үшін пай­даланылуы мүмкін «тәжірибелі тышқан­дар» жасамақшы.

Биомедициналық зерттеулердің ал­ғашқы легінде ғалымдар белгілі бір қа­жетті сипаттамалары бар зерттеу нәти­же­леріне қол жеткізу үшін арнайы тыш­қандарды тәжірибеге таңдау және өсіру арқылы тышқан үлгілерін жасаған. Осы жерде «ғалымдар тышқандарды адамның генетикалық бұзылыстарын модельдеу үшін пайдаланды ма?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бірақ ғалымдар олардың да­муын зерттеу және емдеудің жаңа әдіс­­терін сынау мақсатында осы қадамға бар­­ғаны белгілі. Өйткені ғылыми құрал ретінде тышқандар зерттеу барысын жыл­дамдатуға көмектесті және маңызды жаңа препараттарды жасауға мүмкіндік берді.

Адам жағдайларының көптеген бел­гісі тышқандар мен егеуқұйрықтарда қай­талануы мүмкін. «Егеуқұйрықтар мен тышқандар қазіргі ғылымда көптеген зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін қолдануға жарамды сүтқоректілер», дейді АҚШ Ұлттық денсаулық институтының (NIH) зертханалық жануарларды қорғау кеңсесінің өкілі Дженни Халиски.

Сонымен бірге тышқандарды тәжі­рибе жасауға материал ретінде сатып алу арзан әрі олар күтімге ыңғайлы. Генетикалық ғылыми тәжірибелер жасау үшін тышқандардың тез көбейгені әлдеқайда пайдалы іс. Олар үш апта сайын көбейіп отырады. Сондықтан ғалымдардың жұмыс істейтін тәжіри­бе құралы ретінде пайдаланылады. Ал тышқандардың кішкене әрі епті дене көлемі де ғалымдардың әрбір зерттеуі үшін таптырмайтын қолайлылық әкеледі. Оның үстіне тышқандардың өмір сүру ұзақтығы қысқа, яғни ғалымдар қартаю әсері туралы оңай болжам жасай алады. Осы арқылы ғалымдар бір ұрпақ арасында болатын тіршілік дағдыларын да зерттеуге мүмкіндік алады.

Ал тышқандардың ең алдымен, медицина ғылымына қосқан үлесі өте зор екенін біреу білсе, біреу білмес. Сол үшін де тышқандар атеросклероз және гипертония сияқты күрделі ауруларды зерттеуде өте пайдалы. Өйткені бұл аурулар­ға байланысты көп­теген ген тышқандар мен адамдарда бір­дей. Тышқандар­дан алынған талдамалар жиынтығы адам де­не­сіндегі осы ауру­лардың генетикалық қауіпі туралы анық түсініктер мен деректер бере алады.

Қатерлі ісікке қарсы жаңа препарат­тарды жасаудан бастап диеталық қос­паларды сынауға дейін тышқандар мен егеуқұйрықтар жаңа медициналық талдамаларды жасауда, сараптауда ана­ғұрлым маңызды рөл атқарады. Био­медициналық зерттеулер қорының (FBR) мәліметтеріне сәйкес барлық зертха­­налық жануарлардың 95 пайызы – тышқандар мен егеуқұйрықтар.

Медициналық сынақтарда қол­да­нылатын тышқандар мен егеуқұй­рық­тардың басым көпшілігі тұқым қуа­лай­ды. Сондықтан жыныстық айыр­машы­лық­тардан басқа, олар генетикалық жағы­нан да бірдей. Адам геномын зерттеу ұлт­тық институтының мәліметінше, бұл медициналық сынақтардың нәтижелерін біркелкі етуге көмектеседі. Ең аз талап ретінде эксперименттерде қолданылатын тышқандар бірдей таза тұқымды түрден болуы керек.

Тышқандар мен егеуқұйрықтар үлгі ретінде пайдаланылатын адам ауруларына гипертония, қант диабеті, семіздік, талма ауруы, тыныс алу жүйесі аурулары, саңыраулық, қатерлі ісік, жүрек ауруы сияқты жиі кездесетін ауру түрлері жатады.

Ғалымдардың айтуынша, тышқан­дар­дың геномын басқару салыстырмалы түрде оңай екен. Егер әрбір іргелі зерттеуге ғалымдар тышқанның орнына піл немесе керіктерді таңдаса, онда нәти­же де, ғылыми тәжірибелерге кеткен шығын да мүлде басқаша болар еді. Бұған тәжірибе жасау кезіндегі зардап шегу мәселесін қосыңыз. Тышқандар адамды жаралай алмайды, ал басқа жануарлар мен жәндіктерден қауіп зор. Жуық жылдардан бері ғалымдар тышқандарды мінез-құлық, қартаю, тамақтану және генетикалық зерттеулерге, сондай-ақ есірткіге тәуелділікті тоқтатуға қарсы дәрілерді сынауда қолданып жатыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button