Хабар

Қазақстанның 2 оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді

Екі қазақстандық жоғары оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді. Бұл туралы novoetv.kz Ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынды иеленіп, үздік азиялық жоғары оқу орындарының топ-50 тізіміне енді. Ал, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда рейтингте көш ілгері. Үздік азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар.

Орталық Азияның үздік үштігіне де қазақстандық жоғары оқу орындары енген. Олар халықаралық индикаторлар бойынша ең жоғары орындарда тұр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия өңіріндегі жұмыс берушілер арасында академиялық беделдің ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Үздік үштікке Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University кірді. «Еліміздегі жоғары білім саласы халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көріп отырмыз. Әлемдік рейтингтерде алға жылжу – қазақстандық білім беру сапасы мен университеттердің мәртебесін жақсартудың көрнекі дәлелі. Бұл біздің жоғары оқу орындарының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек QS Quacquarelli Symonds президенті Нунцио Кваквареллимен кездесуінде.

Министр Саясат Нұрбек шетелдік мейманға елімізге сапары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық жоғары оқу орындары QS рейтингінде жаңа шыңдарға жету үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button