Хабар

Соңғы 30 жылда Қазақстанда ғалымдар саны 2 есе қысқарған

Ғалымдар санының қысқаруына тұрақсыз әрі аз жалақы әсер еткен.

1991 жылдан бері Қазақстанда ғалымдар екі есе азайған. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы қаулы жобасында жазылған.

“Соңғы 30 жылда ғалымдар саны екі есе қысқарған: 1991 жылы 40,8 мың адамнан 2021 жылы 22,6 мың адамға дейін. Ғалымдар еңбекақысының тұрақсыз әрі төмен деңгейі – кадрлық және ғылыми әлеуеттің негізгі проблемаларының бірі. Осының салдарынан ғылым саласы тартымдылығының төмен болу үрдісі сақталып отыр. Мәселен, 2021 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 187,7 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа жалақының 75%-ына тең”, – деп жазылған қаулы жобасында.

Осы факторлар жас ғалымдардың үлесін Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен (ҒЗТКЖ) айналысатын зерттеушілердің жалпы санының 35%-ына дейін төмендеуіне себеп болған.

“Мәселен, соңғы жылдары ғылымға жастардың ағымы ҒЗТКЖ жұмыс істейтін персоналдың жалпы санынан 11%-дан 7%-ға дейін азайған. Мұндай алмастыру динамикасы кадрлық ғылыми әлеуетті жаңғырту үшін жеткіліксіз, сондықтан кадрлардың “қартаюы” мәселесі әлі де өзекті”, – деп жазылған жобада.

Сондай-ақ қолданбалы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен оларды іске асыратын ғалымдар санының өсуіне ықпал ететін тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді іске асыруға гранттар жоқ. Техникалық бағыттар бойынша мамандар тапшылығы байқалады. Сондықтан қазір техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға баса назар аударылып, техникалық және IT бағыттарға гранттарды 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button