Хабар

Қалааралық автобустар көбейді

17 сәуірден бастап № 107 Қарағанды – Теміртау бағытындағы жолаушылар жаңа кесте бойынша тасымалданатын болады. Себебі автобустар саны 10-нан 16-ға дейін өсті.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы жылдың 31 наурызында № 107 Қарағанды – Теміртау бағытына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізді. Маршруттағы автобустар санының артуын ескере отырып, жаңа кесте әзірленді. Қазіргі уақытта көлік пен жүргізуші құрамын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа кесте күшіне енгенге дейін тасымалдаушыларға автобустардың қозғалыс кестесінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарламалар жіберілді – атап айтқанда, таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта. Сонымен, 12 сәуірде 10 автобус желісінде олардың қозғалысын ONAY! мобильді қосымшасында бақылауға болады.

Айта кететін тағы бір жәйт, 15 сәуірден бастап Қарағандыда дәстүрлі түрде саяжай маусымы ашылады. Қала әкімдігінде хабарлағандай, алты саяжай маршруты ұйымдастырылады.

“Қалада алты саяжай бағыты болады: № 10пд, 11д, 21д, 60д, 75д, 76д, оларға бір бір автобустан (№11д қоспағанда) тартылған. № 10пд, 60д, 75д және 76д маршруттары 15 сәуірден 1 мамырға дейін тек демалыс күндері ғана жұмыс істесе, онда № 11д және 21д маршруттары күн сайын 15 сәуірден бастап желіге шығады, – деп хабарлады қала әкімдігі.

Сондай-ақ, № 7 және 42 қалалық автобустар өз маршруттарына жақын орналасқан саяжай қоғамдарына қосымша рейстерді жүзеге асыратын болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button