Хабар

Қарағандыдағы әлеуметтік патруль: үйсіз адамға қалай көмектесуге болады

Егер сіз көшеде көмекке мұқтаж үйсіз адамды көрсеңіз, 50-32-44, 50-32-45 телефондарына қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық Архитектурная көшесі, 10-шы үйде орналасқан.

Қарағандыда біраз уақыттан бері “әлеуметтік патруль” мобильді қызметі сәтті жұмыс істеп келеді. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар туралы ақпаратқа жедел жауап беруге арналған. Қызмет мамандары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру үшін үйсіз адамдарды Орталыққа жеткізеді.

Мұнда оларға алғашқы медициналық қызметтер көрсетіледі және жағдай жасалады. Осы орталыққа жетекшілік ететін Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қарағандылықтардан бей-жай қалмауды сұрайды. Егер сіз көшеде көмекке мұқтаж үйсіз адамды көрсеңіз, 50-32-44, 50-32-45 телефондарына қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық Архитектурная көшесі, 10-шы үйде орналасқан. Ол 50 орынға есептелген.

Орталық арнаулы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді (құжаттандыру, зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеу), сондай-ақ ол оларды жұмысқа орналастырумен, жатақханаларға немесе медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберумен айналысады.

Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button