Шілдеден бастап көлік жүргізушілер еш құжатсыз жүре алады
еGov пен екінші деңгейлі банктер қосымшасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техпаспорттың электронды нұсқасы сақталған.
Цифрландыру саласын дамытуға бағытталған өзгерісті парламент екі оқылымда қабылдады. Ол бойынша тоғыз кодексті қоса алғанда 60 заңнамалық актіге түзету енгізу көзделген, деп хабарлайды Kolesa.kz сайты.
ҚР ЦДИАӨМ өкілдері құжат президентке жолданғанын айтты. Электронды және қағаз құжаттардың заңды күшін теңестіретін түзетулер ресми жарияланған сәттен 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Осылайша шамамен шілденің ортасына таяғанда ел азаматына жеке басын растау үшін куәліктің электронды көшірмесін көрсетсе жеткілікті болады. Дегенмен қазірдің өзінде еGov пен екінші деңгейлі банктер қосымшасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техпаспорттың электронды нұсқасы сақтаулы.
Біраз уақыт бұрын Қазақстан азаматтарына қолында жеке куәлігі болса, жүргізуші куәлігі мен техпаспортсыз көлік жүргізуге рұқсат берілген.