Хабар

Жыл сайын 42 мың адам жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алады

Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жол-көлік оқиғаларын азайту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, Жыл сайын елімізде 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі.

«Жылына елімізде 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адам қайтыс болады. Соңғы 30 жылда жол апатынан көз жұмғандардың саны Ауған соғысынан қаза тапқан әскерлердің санынан төрт есе асып отыр. Жол апаты салдарынан туындайтын экономикалық шығынның көлемі жалпы ішкі өнімнің үш пайызын құрайды. Өкініштісі, жол апатынан қаза тапқандардың саны жыл сайын өсіп келеді», деді депутат.

Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай оқиғаларының көбеюіне емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай сатып алу мүмкіндігі себеп болып отыр. Ондай емтиханды мердігер компанияның қызметкерлері де, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережері емтиханын тапсырушылардың саны орта есеппен 420 мың адамды құраса, ең төменгі жобамен олардың 10 пайызы, яғни 42 мың адам куәлікті сатып алады. Одан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады.

Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен бұл мемлекеттік қызмет түрін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы құзіреттілігі аясында алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құрылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам өліміне әкеліп соғатын жол көлік оқиғаларын азайтуға және осыған жол беретін сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырған еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button