Хабар

Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды

Дина Әмір әлемдегі ең ірі халықаралық байқаулардың бірі – Miss World International байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды, – деп хабарлайды  тілшісі.

Сұлулық байқауы 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен. Қыз бұл ұмытылмас тәжірибе болғанын айтты. Ол бүкіл әлемнен жаңа достар тапқан. “Украина мен Нигериядан келген байқау қатысушыларымен жақсы араласып кеттім” дейді қазақстандық қыз.

“Көп эмоция, көп ел, оқиғалар өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Себебі, мен мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Танымал, көрікті, ақылды қатысушылармен танысу өте керемет”, – деп бөлісті Дина.

Қазақстандық қызды қолдау үшін байқауға сыныптастары мен оның стилисі барған. Бойжеткен байқауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде екенін, қызықты әрі мазмұнды бағдарлама болғанын айтты.

Дина Әмір Қазақстанда IT-компанияларда соңғы 7 жыл маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады.

Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген.

Tengrinews.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button