Хабар

Қазақстанда ақпаннан бастап не өзгереді?

Қазақстанда ақпаннан бастап бірқатар өзгеріс пен жаңалық болмақ. Massaget.kz тілшісі елімізде қыс мезгілінің соңғы айында қандай өзгерістер болатынын жинап шықты.

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігінде 2023 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдын ала болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігіндегі ауа температурасы ақпан айында климаттық нормаға жақын болады. Нормадан 1 градусқа жоғары – Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінің қиыр оңтүстігінде тіркеледі. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов Үкімет отырысында айтқан болатын.

Оның айтуынша, ақпанда жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде қалыпты жағдайға жақын. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтіліп отыр. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашын нормадан асуы мүмкін.

Қалай демаламыз?

Ақпанда жалпы 28 күнге толады. Оның 20 күні жұмыс күні, ал қалғаны сенбі-жексенбі 8 күн демалыс болмақ. Ақпанда мереке күндері жоқ.

Жылдық инфляцияның шарықтау шегі болуы мүмкін

Ұлттық банктің болжамы бойынша, Қазақстанда инфляцияның шыңы 2023 жылдың ақпанына келеді. Бұл туралы Ұлттық банктің өкілі Ғалымжан Пірматов журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтқан болатын.

“Біз бірінші тоқсанда инфляцияның шыңын күтеміз, дәлірек айтсақ, ақпанда жылдық инфляцияның шыңын күтеміз. Наурыздан бастап жылдық инфляция төмендейді деп болжап отырмыз. Бұл жағдайлар базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұзақ уақыт ұстап тұруды талап етеді”, – деді Пірматов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бірнеше күн магнит толқуы болады

5 ақпанда жойқын магнит толқуы болады. Бұл күні ауыр жұмыс істемеген дұрыс.

7 ақпанда орташа деңгейдегі магнит толқуы болады. Бұл күні дұрыс тамақтанып, таза ауада серуендегеніңіз дұрыс.

10 ақпанда жойқын магнит толқуы болады. Бұл күні ешкіммен жанжалдаспағаныңыз абзал.

15 ақпанда әлсіз магнит толқуы болады.

Ақпанда вирустық аурулардың екінші толқыны болуы мүмкін

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас сантария дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Ол тұмау мен ЖРВИ қай кезеңде өршитініне болжам жасады. Есмағамбетованың сөзінше, вирустық аурулардың екінші толқыны қаңтар-ақпан аралығында өршуі мүмкін. Ал бұл оқушылардың мерекеден кейін сабаққа оралуымен және балалардың балабақшаға бара бастауымен байланысты болуы мүмкін.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button