Хабар

Депутаттар жануарларға қатыгездік көрсетуге байланысты заң жобасын қабылдады

Депутат Александр Милютиннің айтуынша, заң жобасы адамдар мен жануарлар арасындағы күнделікті қатынасты реттеу мақсатында әзірленген.

“Заң жобасының негізгі міндеттері: жануарлармен қарым-қатынаста жалпы және арнайы талаптарды белгілеу, жануарларды қатыгездіктен, азап көрсетуден, өлімнен қорғау, қоғамның адамгершілік қасиетін нығайту, үйсіз жануарлардың санын реттеу үшін ақпарат қолжетімді болуы”, – деді Милютин Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, заң жобасында БАҚ-тың барлық түріне жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салынған.

Депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын қабылдаған.

“Түзетулер төрт заңнамалық актіге, соның ішінде Қылмыстық кодекстің “жануарларға қатыгездікпен қарау” 316-бабына енгізіледі. Сондай-ақ, жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге, бұл әрекетті орташа дәрежедегі қылмыстар қатарына ауыстыруға бағытталған”, – деп толықтырды депутат.

Ол “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”, “Ветеринария туралы”, “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” секілді заңдарда мәслихаттардың, әкімдіктердің жануарларды өлтіру мәселесін реттеу жөніндегі құзыретін, аулауға, өлтіруге болатын жануарлардың тізімін кеңейту, бақылау-қадағалау бойынша заңнаманы жетілдіру көзделетінін айтты.

“Заң жануарларға қатыгездік жасағаны, жануарларға қатысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті белгілеу, ішкі істер органдарының, орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың тиісті құзыретін белгілеуге бағытталған”, – деді Александр Милютин.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button