Хабар

Мектепте ата-анадан ақша жинағаны үшін 7 млн теңге айыппұл салынады

Мұндай жағдайлар үшін мектеп директоры тікелей жауап береді.

Ата-анадан ақша жинаған мектеп басшысы 7 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Абай облысындағы өткен білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мектепте болған мұндай жағдайлар үшін директор тікелей жауап береді.

“Мектепте жөндеу жұмыстарына, сынып қажеттіліктеріне, мұғалімдерге сыйлыққа арнап қаржы жиналмауы керек. Талапты орындамағандар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, мектеп басшысына 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдануда” – деді оқу-ағарту министрі.

Министр мұғалімдерді аттестациялау мәселесінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын атап өтті.

“Кейбір мұғалімдер аттестация мәселесін ақшамен шешуде және бұл туралы ашық айтылып жүр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін министрлік өз ісіне шығармашылықпен қарап, жоғары көрсеткіш көрсеткен үздік мұғалімдерді бөлек бағалап, марапаттайтын болады” – деді Ғани Бейсембаев.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button