Хабар

Бала жақсыны қайдан үйренеді?

Баламен қарым-қатынас жасау оңай емес. Кез келген қателік баланың психологиясына, кейін оның тағдырына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Соған байланысты мына кеңестерді назарға ұсынамыз.

1. Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.
2. Баланы жиі сынаса, ол өзгені сөгуді үйренеді.
3. Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.
4. Балаға жауыздық көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.
5. Баламен шынайы болсаңыз, ол әділеттілікке үйренеді.
6. Жиі келеке етсеңіз, жасқаншақ болып өседі.
7. Балаға қауіпсіздік сезімін сыйласаңыз, ол сенуді үйренеді.
8. Жиі сөксе, бала жиі өзін кінәлі сезінеді.
9. Баламен санасса, ол өзін жақсы көреді.
10. Егер бала ұрыс-керіссіз жерде өссе, ол әлемнен махаббат табуды және сыйлауды үйренеді.
11. Бала туралы оның көзінше де, сыртынан да жаман айтпаңыз.
12. Баланың сізді керек ететінін түсінуге тырысыңыз. Оны тыңдап, жауап берудан қашпаңыз.
13. Қателескен баланы жазалаудан алшақ болыңыз. Керісінше кей қателіктерді бірге дұрыстауға болатынын түсіндіріңіз.
14. Демалып жатқан, өзгені сырттай бақылап отырған немесе ойланып отырған баланы сыйлаңыз. Оның да ересектер сияқты жеке кеңістігі барын естен шығармаңыз.
15. Балада ерік-жігер толы бекімеген. Сол себепті әлемді тануға, оқуға оған ата-ана ғана көмектесе алады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button