Хабар

Көлігі техникалық тексерістен өтпегендерге салынатын айыппұл он есе артуы мүмкін

Жалған техникалық тексеріс үшін салынатын айыппұл он есе артады, – деп хабарлайды Kolesa.kz. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серікәли Мұқатаевтың сөзінше, Әкімшілік кодекске тексерісті көліктің қатысуынсыз жүргізетін және басқа ережелерді бұзатын операторларға 300 АЕК (қазір 30 АЕК) айыппұл салып, реестрден шығаруға және үш жылға дейін бұл қызметпен айналысуына тыйым салуға негіз болатын өзгеріс енгізу жоспарланып жатыр.

Мұқатаев 2024 жылдың аяғына қарай ҚР СТ 1433-2017 құжатының ластаушы газдардағы зиян заттардың нормативті деңгейін анықтау бөліміне де өзгеріс енетінін атап өтті. Содан кейін Алматыдағы техникалық тексеріс өткізетін бекеттер мегаполистің белгілі бір аудандарына “лас” машиналардың кіруіне тыйым салатын экотаңба бере бастайды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button