Хабар

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды

Елімізде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу мақсатында ІІМ осы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық кең ауқымды акцияны бастады. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Оларда зардап шеккен баланың жартысы автокөлікте жолаушы ретінде болады», – деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, акция барысында патрульдік полиция нарядтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу орындарына барынша жақындатылады. Бұл ретте, балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері саналатын жүргізушілер тарапынан болатын Жжол жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударылады.

«Акция аясында полиция қызметкерлері балабақшалар мен мектептерде жасөспірімдердің жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында тақырыптық сабақтар өткізеді. Таксомоторлық компанияларда көлік құралының жүргізушілерімен, сондай-ақ перинаталдық орталықтарда болашақ ата-аналармен балаларды тасымалдау қағидаларын сақтау бойынша жекелеген әңгімелер жүргізеді. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған басқа да бірқатар іс-шара жоспарланған», – деді ол.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button