Хабар

Электр самокатпен жолдың оң жақ шеткі бөлігінде 18 жасқа толған адамдар жүре алады

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов электр самокатпен жолда жүру тәртібіне қатысты түсінік берді.

«Бұл заң жобасы әлі де қаралып жатыр. Осы құжат депутаттардың ұсынысы бойынша енгізілді. Заң жобасы аясында самокатпен жолда жүру тәртібі реттелмек. Мәселен, жолдың оң жақ шеткі бөлігінде 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ басына тиісті шлем киген адамдарға жүруге рұқсат берілмек», – деді М. Ахметжанов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер жолағында самокатпен жүрсе, онда жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, электр самокатпен жолаушы, жүк тасуға тыйым салынады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button