Хабар

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық тұр

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар күре жолдардың барлығы ашық тұр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметі.

«Демалыс күндері ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының қызметкерлері республикалық автожол пайдаланушыларынан келіп түскен 1500-ден астам қоңырауды қабылдады. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда. Республикалық маңыздағы тасжолдардың барлығы ашық» делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал сепкен. Бүгін республикалық тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 312 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтармен қамтылған тиегіштер, тракторлар және т.б. бар.

Сондай-ақ, аталмыш жұмыстарға 450 жолшы-маман тартылған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button