Хабар

ІІМ алаяқтық әрекеттер туралы SMS хабарлама таратудың себебін түсіндірді

Қазақстандықтардың ұялы телефонына SMS хабарлама жіберіліп жатыр. Мақсат – тұрғындарды интернет алаяқтық әрекеттерден қорғау, ескерту. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

«Біз таяуда халықты интернет алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында SMS хабарлама тарата бастадық. Бұл қауіпсіздік және қылмыстың алдын-алу мақсатында іске асып жатқан шара. Азаматтардың ұялы телефонына SMS хабарлама қысқа түрде жіберіліп жатыр. Осы орайда тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі байланыс операторлары сервисіндегі шектеуге байланысты SMS-тің мәтіні қысқартылған. Кейбір адамдар хабарламаның мәнін түсінбей жатқан секілді. Азаматтарға интернет алаяқтық әрекеттерге қатысты SMS хабарламаны ескерту мақсатында жіберіп жатырмыз», – деді Жандос Сүйінбай «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбат барысында.

Оның айтуынша, елімізде болып жатқан интернет алаяқтық және онымен күреске қатысты ақпаратпен Ішкі істер министрлігінің ресми сайты арқылы танысуға болады.

Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын полиция азаматтарға алаяқтық әрекеттер туралы SMS хабарламалар жібере бастаған еді.

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді. Яғни, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Қазақстанда биыл 7 айдың ішінде 11 мыңдай интернет-қылмысы тіркелген.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button