Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр
Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады, – деп жазды Шолпан Каринова.
Вице-министрдің айтуынша, оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады:
– 1–11 сыныптарда:
күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін),
қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін);
– 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ өтеді.
Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді.