Хабар

Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Өзгерістер мектеп оқушыларын оқытуға да қатысты.

Құжатқа сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында келесідей әрекеттерге рұқсат етіледі:

– республиканың барлық өңірлерінде дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын оқыту; білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;

– қауіптілігі төмен және орташа аймақтарда орналасқан өңірлерде (“жасыл” және “сары” аймақтар) жалпы білім беретін мектептерде сыныпта балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін аралас форматта оқыту;

– жоғары қауіпті аймақта орналасқан өңірлерде (“қызыл” аймақ) мектепалды сыныптарының оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, бірінші сыныптан бастап бесінші сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде – бірінші сыныптан бастап жетінші сыныпты қоса алғанда, сыныптағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту;

– бітіруші сыныптар үшін аптаның алты күні бойы аралас форматта оқыту (тоғызыншы, он бірінші және он екінші сыныптар): пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, “бір сынып-бір кабинет” қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау).

Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда 5 күн ішінде (“жасыл” аймақтан “сары” аймаққа немесе “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету – “сары” аймаққа “қызыл” аймақтан немесе “жасыл” аймаққа “сары” аймақтаг көшкеннен кейін кем дегенде 7 күннен кейін мерзімде жүргізіледі.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button