Хабар

Қарағандылық спортшылар синхронды жүзуден ҚР чемпионатында үздік атанды

Қарағанды облысының спортшылары 12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жыл сайынғы Қазақстан чемпионатында тамаша дайындық деңгейін көрсетті. Қарағандыда 130 синхроншылар арасында қызу бақталас өтті.

Алтын жүлде облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған жүзу спорт мектебінің жас спортшыларының қоржынына бұйырды. Екінші орынға Алматы өкілдері жайғасты. Қола жүлдені де Қарағанды облысының жүзушілері иеленді.

Біздің облыста синхронды жүзу жақсы дамып келеді. Спорт мекемелерінде жоғары білікті жаттықтырушылардың саны жеткілікті. Біздің жүзу спорт мектебінің директоры Молдабек Шерімов бізге үлкен қолдау көрсетуде, – дейді Қарағанды облысының синхронды жүзуден аға жаттықтырушысы Елена Котова. – Менің ойымша, пандемия балаларға қатты әсер етті. Олар үнемі жаттығып отыруы тиіс, үзілістер болмауы керек. Дайындыққа өте аз уақыт бөлінді, бірақ барлығы – спортшылар да, жаттықтырушылар да өте жақсы нәтиже көрсетті.

Қарағандылықтар бірнеше бағдарламада жеңіске жетті: “Соло”, “Топтық өнер көрсету”, “Комби” және “Дуэт”.

Даниэла Блинникова мен Артем Томчишиннің mix-дуэті қуантты. Олардың “Коробочка” атты көңілді орыс халық әнімен сүйемелденген күрделі элементтері бар нөмірі судьяларды қатты таң қалдырды Нәтижесінде балалар бірінші орын алды. Қуантарлығы, биыл олардың қарсыластары да мықты болды. Олардың бағдарламасында бес жұп өнер көрсетті. Келесі жылы біз 12 жастағы және одан кіші балалар арасындағы Азия чемпионатына дайындаламыз. Алда біздің жүзушілеріміздің күрделі және жауапты жарыстары бар, – деді Елена Котова.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button