Хабар

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясына 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Экологтар тексерісінен кейін “АрселорМиттал Теміртау” компаниясына ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы бойынша Экология департаменті хабарлады.

05.09.2022 және 03.10.2022 жылдар аралығында “АрселорМиттал Теміртау” АҚ-ға қатысты “Жол картасы” бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның барлық кәсіпорындардағы цехтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында департамент компанияның Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзушылықтардың бірқатарын анықтады, – делінген ведомство хабарламасында.

Негізгі бұзушылықтар кокстеу, ЖЭО-2, агломерация, домна пеші, № 2, № 3 ,әк күйдіру цехы сияқты цехтар үшін рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінен асып түсті.

Анықталған заң бұзушылықтар үшін Департаментпен табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда Теміртау қаласының әкімшілік сотының қаулысымен “АрселорМиттал Теміртау” АҚ үшін 2023 жылдың 15 тамызына дейін айыппұлды үш кезең бойынша бөліп төлеу жоспары белгіленді.

Дереккөз: BAQ.KZ

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button