Хабар

Қарағанды облысында 2023 жылы 10 жайлы мектептің құрылысы басталады

Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында 2025 жылға дейін 18 жайлы мектеп салу жоспарланған, биыл жаңа форматтағы 10 оқу орны салына бастайды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Ресми сайттағы мәліметтерге қарағанда, облыс әкімдігінде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Онда бірінші кезектегі шаралар талқыланды: жер учаскелерін ресімдеу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету.

Біздің өңірлерге сапарларымыздың мақсаты – атқарылып жатқан жұмыстар қарқынын тексеру. Samruk-Kazyna Construction Үкіметінің қаулысымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде мектептер салу дирекциясы белгілеген. Қазіргі уақытта біз оны іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен шарттар жасаймыз. Олардың мәні – әкімдіктер бізге тапсырыс берушінің функциясын тапсырады, – деді Мәулен Айманбетов.

Біз барлық қажетті конкурстарды өткіземіз. EPC келісімшартына бастан-аяқ барлық жұмыстар кіреді, яғни жабдықты жобалау, салу және жеткізу бірден жүреді. Ауылдарда, қалалар мен мегаполистерде бірыңғай стандарт бойынша оқушыларға бірдей ыңғайлы және жайлы жағдай жасалады.

Мектептердің жобалары орындардың санына байланысты үлгілі болады. Архитектуралық дизайн біртұтас. Талаптар: заманауи жиһаздар мен жабдықтар, бейнебақылау жүйелері. Әр мектепте STEM зертханалары, робототехника кабинеттері, спорт залдары, коворкингтер болуы керек. Ерекше балалар үшін кедергісіз орта құру қажет.

Қарағанды облысында әртүрлі сыйымдылықтағы – 300-ден 2000 орынға дейінгі жайлы мектептер салынады. Биыл Қарағандыда төрт, Балқашта үш, Бұқар Жырау ауданында екі, Шет ауданында екі нысанның құрылысын бастау жоспарлануда. Олар 2024 жылы тапсырылуы тиіс. Қарағанды, Абай, Қарқаралы, Приозерск қалалары және Нұра кентінде 2024–2025 жылдарға тағы сегіз жаңа мектеп салу жоспарланған.

Ермағанбет Бөлекпаев өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын орындау бойынша Жол картасы бекітіледі. Оны іске асыру мектептердегі үш ауысымдық, апаттық және орын тапшылығы проблемаларын жоюға мүмкіндік береді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button