Хабар

Ұлытауда қандай өнеркәсіп орындары салынады

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы индустриялық-инновациялық дамыту аясында қандай жаңа жобалар іске асатынын айтып берді.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте Ұлытау облысын қайта жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар таныстырылды.

«Минералды-шикізат базасын кеңейту бағытында жаңа кен орнын ашу мен 10 кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу көзделген, бұл өз кезегінде 150 жаңа жұмыс орнын ашуға негіз болады. Өңірді индустриялық-инновациялық дамыту аясында жалпы инвестиция көлемі 700 млрд теңгеден асатын, 3 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 16 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған», – деді Берік Әбдіғалиұлы Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Атап айтқанда, өнеркәсіптік реагент шығаратын химия зауытын, қуаты орташа мұнай өңдеу зауытын, гидрометаллургиялық өңдеу жолымен қара мыс концентраттарын өндіретін зауытты, құрамында алтыны бар кендерді үймелі шаймалау жөніндегі қайта өңдеу кешенін және Жезқазған мыс балқыту зауытында жаңа күкірт қышқылы цехын салу көзделіп отыр.

«2026 жылға қарай өнеркәсіп көлемінің 41%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 35%-ға өсуі қамтамасыз етілетін болады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,7 есе, ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2,5 есе өседі», – деді өңір әкімі.

Бұған дейін Берік Әбдіғалиұлы өңірдің шешілмей жатқан өзекті мәселелері туралы айтып берді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button