Хабар

Ұлттық жобалар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай өзгеріс болады

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтары цифрлық және видеоқызметтерін іске қосады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

«Мемлекеттік қызметтерді 5 минутта көрсету» бағытын іске асыру шеңберінде процестер мен функциялардың цифрлық реинжинирингі өтеді. Содан кейін ғана оны цифрлық онлайн форматқа көшіру көзделген. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті форматына көшуге мүмкіндік береміз. Жеке қатысуды талап етпейтін қызметтер баламасыз түрде яғни цифрлық форматта ғана көрсетіледі. Өз кезегінде негізгі көрсеткіш автоматтандырылған қызметтердің саны емес, цифрландырылған және проактивті өмірлік жағдайлардың саны болмақ», – деді Бағдат Мусин.

Мысал ретінде, бір баспанадан екінші баспанаға көшу тек қана құқықты рәсімдеумен ғана шектеліп қоймайды. Көшу мәселесі – телефонды орнату, квитанцияны тұрғынның аты-жөніне тіркеу секілді өмірдегі жағдайларға сай барлық цифрлық қызметті бейімдеу қажет.

«Көшу мәселесіне тек ведомстволық, меморган жағынан ғана қарамай, адами тұрғыдан «мемлекеттік қызметті қалай көрсету керек», «ол қызмет не үшін көрсетіліп жатыр» деген сұрақтарға жауап тауып, сол қызметтерді бір өмірлік жағдайға біріктіреміз. Содан кейін цифрлық форматқа көшіретін боламыз. Архитектура мен үрдістер клиенттік тәжірибе негізінде және меморганның ғана емес, өмірлік жағдай тұрғысынан құрылатын болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында цифрлық ХҚКО, Видео ХҚКО-лар қосылады. Яғни, кез келген азамат әлдебір жағдайларға байланысты цифрлық технология қолдана алмай жатса, ХҚКО мобильді қосымшасын смартфонға жүктеп, өзі бейнеқоңырау арқылы хабарласып, видеоқызмет алатындай етіп жасаймыз. Және ХҚКО-ларды сервистік модельге көшіреміз. Яғни қазіргі уақытта біздің операторлар халыққа қызмет көрсетіп отыр, біз ол жүйені өзгертеміз. Халық ХҚКО-ларға келгенде операторлар тек қана консультация береді және цифрлық технологияларға бейімдеу мәселелерін шешетін болады», – деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында «Цифрландыру, ғалым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Ұлттық жоба 10 бағыттан, 226 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен және 211 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button