Хабар

Қарағандылықтарға команда жинап аула баскетболын немесе футбол ойнауды ұсынады

«Шахтер» стадионы Қарағанды әкімдігінің қолдауымен «Аула футбол лигасы» және «Аула баскетбол лигасы» жобаларын қайта бастайды. Жобаға кәсіби емес командаларды қатысуға шақырады.

Жарыс маусым айының соңында басталады. Кез келген адам өз шеберлігін көрсете алады. Қатысу жарнасы талап етілмейді. Команданы жинап, маусым айының ортасына дейін өтініш беру керек.

Баскетболдан жарыстар келесі жас санаттарында өтеді:

– 18+ ер адамдар (18 және одан жоғары);

– 15 + жас (15-17 жас);

– 12 + жас (12–14 жас);

– қыздар 12+ (12–14 жас).

Бірінші іріктеу кезеңі – 19–25 маусым, екінші кезең – 17–23 шілде, үшінші кезең және финал – 15–19 тамыз.

Аула футбол лигасында төрт кезең жарияланды:

– бірінші (2005 ж. т. және одан жоғары) – 19-30 маусым;

– екінші (2006–2008 ж. т.) – 3–15 шілде;

– үшінші (2009–2011 ж. т.) – 24 шілде-5 тамыз;

– төртінші – үш жас тобындағы финал.

Жарысты өткізу мерзімдері өзгеруі мүмкін.

Жарысқа қатысушыларды қызықты ойындар, жаңа таныстар және түрлі сыйлықтар күтеді.

Барлық қосымша ақпарат телефондарға: (8-7212) 42-57-85, +7-702-589-52-53, +7-700-997-23-58.

Instagram-дағы жоба туралы мәліметтер: @stadionshakhter.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button