Хабар
Қазақстандағы 9 қаланың ауасы жоғары деңгейде ластанған – комитет
Еліміздегі 45 өнеркәсіптік қаланың тоғызында атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлімдеді.
«Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистен 9 қала атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейіне жатады. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болды. Алайда, осы жылдың басында жоғары деңгейден орта деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімнен шығарылды», – деді Зұлфұхар Жолдасов.
Оның айтуынша, экологиялық жағдайға бизнес қауымдастықтары теріс әсер етіп отыр.