Хабар

Қазақстанда жол-көлік апаты көбейген

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі жол-көлік апаты туралы статистикалық деректерді жариялады.

«Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 6%-ға, олардан қайтыс болған азаматтар саны 7%-ға және жараланғандар 6%-ға өскен. Талдау көрсеткендей, жолдағы апат статистикасының нашарлауы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде енгізілген шектеулер аясында болып отыр. 2019 жылмен салыстырғанда апат саны шамамен 11%-ға, жараланғандар 14%-ға қысқарды, қайтыс болғандар саны іс жүзінде сол деңгейде қалды», – деп жауап берді Р. Скляр депутат сауалына.

Оған қоса, кейінгі жылдары елімізде автокөлік саны өсіп келеді және 4,7 млн көлік құралы бар (2019 жылы – 4,1 млн, 2020 жылы – 4,2 млн, 2021 жылы – 4,3 млн).

Барлық жол-көлік апатының 75%-ға жуығы елді мекендерде, «өлімге әкеп соғатын» ЖКО жартысына жуығы қала сыртындағы трассаларда болады. Әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына ұшыраушы, қайтыс болған және жараланған әрбір төртінші адам – жаяу жүргіншілер. ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимдерін асыруы және жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзуы болғандықтан, полиция тиісті ден қою шараларын күшейткен.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button