Хабар

Қазақстан коронавирустың таралуын төмендетуде әлем елдерінің ішінде 92-орында тұр

Әлем елдерінің эпидемияға қарсы шұғыл әрекет ету және таралуын тежеу рейтингінде Қазақстан 195 мемлекеттің ішінде 92-орынға тұрақтады. Бұл жайында Finprom.kz(https://finprom.kz/ru/article/v-rejtinge-stran-po-bystromu-reagirovaniyu-i-snizheniyu-rasprostraneniya-epidemij-kazahstan-okazalsya-lish-na-92-m-meste-iz-195) порталы жазды.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында денсаулық сақтауға арналған мемлекет бюджетінің шығыстары бір жыл ішінде 15,5 пайызға артып, 2,3 трлн теңгеге дейін жетті. Дегенмен, осы жылдың 1-тоқсанында сектордағы шығыстар 518,1 млрд теңгені құрады. Осы жылдың 1-тоқсанында елдің жалпы ішкі өніміндегі денсаулық сақтау саласына бағытталған мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесі 2,8 пайыз болды. Ал 2021 жылы 2,7 пайыз еді.

Сондай-ақ өткен жылдың 12 айында денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтердің көлемі жыл ішінде 53,2 пайызға артып, 2,7 трлн теңгеге жетті. Қызметтердің басым бөлігі бюджет есебінен көрсетілді: 2,1 трлн теңге, жыл ішінде +50,6 пайыз болды.

Өңірлер арасында қызметтің басым бөлігі Алматы қаласында (469 млрд теңгеге) көрсетілді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деректен 60,4 пайызға артық. Үздік үштіктер қатарында астана (467,6 млрд теңге) мен Алматы облысы (184,1 млрд теңге) бар. Ал ең аз қызмет Солтүстік Қазақстан облысында көрсетілген: 66,1 млрд теңге, жыл ішінде +31,7 пайыз.

2022 жыл сәуірінің қорытындысында амбулаторлық қызметтер құны ай ішінде 2,2 пайызға, жыл басынан бері 8,4 пайызға, ал жыл ішінде 11,9 пайызға өсті. Айлық динамикада маман-дәрігерлердің амбулаториялардағы қызметі – 0,7 пайызға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі – 1 пайызға, дәрігерлердің алғашқы қабылдауы – 2,1 пайызға, стоматологиялық қызметтер 3,7 пайызға қымбаттады. Жылдық динамикада медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі – 9,6 пайызға, дәрігерлердің алғашқы қабылдауы – 14 пайызға, стоматологиялық қызметтер – 11,6 пайызға, маман-дәрігерлердің амбулаториялардағы қызметі 12,9 пайызға көтерілді.

COVID-19 пандемиясы кезінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі бірқатар теріс факторлармен бетпе-бет келді. Осыдан кейін эпидемиологиялық болжау және қарсы әрекет етудің заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар күшейтілді.

2021 жылы әлем елдерінің эпидемияға қарсы шұғыл әрекет ету және таралуын тежеу рейтингінде Қазақстан 195 мемлекеттің ішінде 92-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі 100 балдың ішінде не бәрі 36,5 балды жинай алды. Армения, Ресей және Беларусьтағы жағдай Қазақстанға қарағанда біршама жақсы. Ал Молдова, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Түрікменстандағы ахуал айтарлықтай төмен. Рейтингте Финляндия, Тайланд және АҚШ көш бастаса, ең соңғы орында Солтүстік Корея тұр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button