Хабар

Қарағандының орталық саябағында мозаикалық мүсіндер қалпына келтіріледі

«Қарағанды мозаикалары» жобасы аясында урбанистика орталығы екі мүсінді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Орталық саябақта орналасқан «Теңіз ертегісі» және «Отбасы» мозаикалық өнер туындылары жаңартылады деп көзделуде, деп хабарлайды inform.kz.

«Қарағанды облысында мозаиканы қалпына келтіру бойынша әзірге тәжірибе жоқ. Сондықтан біз қарапайым жұмыстардан бастаймыз деп шешім қабылдадық. Біріншіден, смальт арзан. Екіншіден, биіктіктегі жұмыстарға қосымша шығындар жұмсаудің қажеті жоқ. Себебі мозаикалық кенептер негізінен қабырғаларды безендіреді. Егер эмоциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, «Отбасы» мүсіні көптеген қарағандылықтар үшін қымбат. Әрбір екінші тұрғынның альбомында оның фонында түскен фотосуреті бар», – дейді жоба менеджері Ольга Цой.

Орталық қызметкерлері мүсін авторларын да тапқан екен. Олар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жазбаша келісімдерін берді. Содан кейін смета жасалды. Көмек көрсетуге дайын суретшілер мен инвесторларды іздеу басталды. Қысқа уақыт аралығында олар да табылды.

Мозаикалық мүсіндерді қалпына келтіруге Қарағанды Суретшілер одағының мүшелері, сондай-ақ монумент авторларының бірі – Виктор Арент қатысуға дайын. Демеуші Нұрлан Смағұлов атындағы жеке қор болды. Қор Қазақстандағы мәдениет, өнер және спорт жобаларын қолдайды.

Қалпына келтіру жұмыстары маусым айында басталады. Жаңарту жұмыстарын ұйымдастырушылардың айтуынша, мүсіннің жанындағы алаң абаттандырылады.

«Біз барлық жұмыстарды суық түскенге дейін аяқтауға тырысамыз. Мүсіндерге бастапқы қалпын қайтарудан бөлек, қырлы тас жол төселеді, көгалдандыру жүргізіледі», – деп мәлімдеді Ольга Цой.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button