Хабар

Қарағандылық студенттер мен мектеп оқушылары дәстүрлі оқу форматына оралады

Қарағанды облысында жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. 499 мектепте партаға 209 мың оқушы отырады, олардың 20 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары.

Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиындар тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Балаларға 1 қыркүйекте Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген “Әліппе” және “Букварь” атты алғашқы оқулықтары табыс етіледі. Сондай-ақ, бұл күні барлық мектептерде “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында сынып сағаттары өтеді, – деді Гүлсім Қожахметова.

Биылдан бастап 5-8 сынып оқушылары үшін таңдауы бойынша жаңа курстар енгізіледі: “Парасаттылық және этика”, “Экология”, “Эмоциялық ақыл-ой және сыни ойлау”, “Медиасауаттылық”.

Мектеп формасы міндетті емес. Классикалық және іскерлік стильдегі киімге рұқсат етіледі.

Спикердің айтуынша, жалпыға міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 22 мыңнан астам оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. 16 мыңнан астам оқушы тегін түскі ас алады. Бюджеттен барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді.

“Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 3 899 балаға көмек көрсетілді, деп толықтырды басқарма басшысы.

Колледждер де дәстүрлі форматқа оралады. Оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханалар жұмысын қайта бастайды. Студенттер жатақханаға орналасады.

Барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады. Барлық санитарлық талаптар орындалды. Оқу басталғанда кабинеттік жүйе алынып тасталады және түрлі сыныптар үшін үзіліс әртүрлі уақытқа бөлінеді. Сабақтар бірнеше ауысыммен өтеді, – деп атап өтті Гүлсім Қожахметова.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда оқу орындары қызметкерлерінің 90%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алған.

Оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтармен білім басқармасының жедел желісіне: (8-7212) 25-25-02 және 8 747 491 1291, сондай-ақ Karbilimbaskarma телеграм-арнасына жүгінуге болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button