НовостиСпорт

Қарағандылық батутшылар Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды

Батут гимнастикасынан Қазақстан командасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс медальға ие болды. Біздің спортшылар Бакуде (Әзірбайжан) өткен Әлем кубогында екінші нәтиже көрсетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Қарағандылықтар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден күміс жүлдеге ие болды. Турнирде олар Жапония командасына есе жіберіп алды. Мексика үздік үштікті тұйықтады.

Қазақстандық спорт жұлдызы Данил Мұсабаев – Азия ойындары – 2022 күміс жүлдегері және 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ал 18 жасар Никита Тумаков үшін Әлем кубогының күмісі – осындай жоғары деңгейдегі жарыстардағы алғашқы медаль.

– Менің жетекшілігіммен бес жастан бастап жаттығып келе жатқан талантты, әлеуеті зор спортшы, – дейді жүлдегерлердің тәлімгері Сергей Вертянкин. – Қазақстан чемпионатын жеңіп, құрамаға кірді. Осы жеңістен кейін Никита Тумаков халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button