Хабар

Қарағандыдағы орман алқаптарында күзет күшейтілді

Қарағанды облысының аумағындағы барлық орман алқабында күзет күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Себебі күн жылыған соң табиғат аясында демалатындар көбейген. Әсіресе қала іргесіндегі тоғайда тыным жоқ.

Демалыс күндері мұнда 10 мың адамға дейін жиналады. Сол себепті тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық талаптарды сақтауын орманшылар тәулік бойы қадағалайды. Жаз басталғалы өңірде екі орман өрті тіркелген. Қызыл жалын 2,5 гектар аумақты шарпыған. Жалпы Қарағанды облысы бойынша 27 мың гектар орман қоры бар.

Осы орманға сенбі, жексенбі күндері бір күннің ішінде 5 мың адамға дейін келеді. Орманның мына арты, жаны 200-300 машинаға дейін толады. Солармен біз профилактикалық жұмыстарды жүргіземіз. Жәйлап халықты үйретіп жатырмыз арнайы қоршалған жерге от жағуға. Қарағанды облысында орманға от жағуға мүлдем рұқсат бермей жатырмыз, – дейді орман шаруашылығының инспекторы Қанат Шөменов.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button