Хабар

Жоғары сынып оқушыларын “Кім білгіш?” халықаралық ойынына қатысуға шақырады

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры “Кім білгіш?” зияткерлік-танымдық ойыны бойынша Халықаралық онлайн-турнирінің басталғаны жайлы хабарлайды. Додаға Қазақстан мен шетелден келген 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатыса алады.

“Кім білгіш?” ойыны 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және “Умники и умницы” викторинасының баламасы болып табылады. Ол 35 мыңнан астам сұрақтан тұрады: “Спорт”, “XX ғасыр”, “XXI ғасыр”, “Әлем айналасында”, “Өнер”, “Қазақстан тарихы”, “Қазақстан табиғаты”, “Денсаулық”, “Ғылым”.

Алдыңғы ойындардың қорытындысы бойынша республиканың әр өңірінен келген 50 жоғары сынып оқушылары жеңімпаздар атанып, арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтардың (ноутбуктер, планшеттер және смартфондар) иегерлері болады.

Қатысушының қалауына қарай турнирді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтуге болады.

Өтінімдер qazaq-found.kz және kimbilgish.kz сайттарында 2021 жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қабылданады.

Бірінші және екінші турлар 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында онлайн-режимде өтеді. Қорытынды финалдық тур Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Жеңімпаздар қыркүйек айында Қазақстан астанасында марапатталады. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етіледі.

Турнир ережесінің мәтінімен келесі сайттарда танысуға болады: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры – fnn.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қоры – qazaq-found.kz сондай-ақ kimbilgish.kz және қорлардың ресми әлеуметтік желілерінің парақшаларында.

Анықтама телефоны: (8-7172) 27-26-09.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button