Хабар

Қарағанды облысында 1300 шақырымнан астам жол жөнделеді

Қарағанды облысында 1374 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Бұл 640 км республикалық маңызы бар автожолдар, 317 км облыстық маңызы бар автожолдар және 417 км жергілікті желілер. 3 мыңға жуық жол-құрылыс техникасын іске қосу, 570 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға дейін жеткізілетін болады, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде.

“Орталық-Оңтүстік” ауқымды жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Қарағанды – Балқаш республикалық автожолының төрт жолағы бойынша жол ашылады, Қарағанды – Қарқаралы жолының бес учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ жақын арада Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңартуға кіріседі. Жұмыстар Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 км автожолда басталады. Жоба үш жылға есептелген.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button