Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірде іске қосылмақ
ҚР ИИДМ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда.
Бұған дейін ведомство бағдарлама шартын жариялаған еді. Ол бойынша бастапқы жарна – 0 %, несие мерзімі – 7 жылға дейін, несиенің максималды сомасы – 10 000 000 теңге.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге жоспарланса, өңірлердегі автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңге қарастырылып жатыр.