Общество

Ұлық мейрам құтты болсын!

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамы басталды. Жұма күні таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде құрбан айт намазы оқылды.

Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе шалынады. Сойылған мал етінің үштен бірі мұқтаж жандарға, үштен бірі көрші-қолаңға таратылады. Құрбан шалған адам мал етінің барлығын жағдайы жоқтарға үлестіріп беруіне де болады.

Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт кезінде Меккеге қажылық парызын өтеуге барғандар Арафат тауында құлшылық етіп, «шайтанға тас лақтыру» рәсімін атқарып, Қағбаны жеті рет айналып шығады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күн болып жарияланған.

Олай болса, мереке құтты болсын, мұсылман бауырлар! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз, оқытқан дұғаларыңыз қабыл болсын. Әр қазақ жанұясына бақ-береке қонғай. Көп ұлт пен ұлыстың басын қосқан құт мекен Отанымыз Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын арттырып, мерейін үстем етіп, рухани тазалыққа бастау болатын Құрбан айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке әкелсін!

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button