Хабар

Тальго пойыздары тағы екі жаңа бағыт бойынша жүреді

Олар Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Арқалық және Алматы-2 – Маңғыстау бағыттары бойынша қатынайды.

“Тальго” пойыздары екі жаңа бағыт бойынша жүреді: Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Арқалық және Алматы-2 – Маңғыстау, деп хабарлайды “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі.

№ 603 жолаушылар пойызы “Нұрлы жол” станциясынан өзінің алғашқы рейсіне аттанды. Маршрут қашықтығы – 609 км, ал жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз күн сайын қатынайды.

“Әр вагонда 348 орындық “Турист” класы, екі вагон – “бизнес” класы, біреуі – “Гранд PMR” класы (мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған), мұнымен қатар, бір бар мен мейрамхана вагоны бар”, – делінген тасымалдаушылар хабарламасында.

Алматы-2 – Маңғыстау бағыты бойынша іске қосылған екінші №111 пойызы екі бөліктен құралған.

“Жалпы жол жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Олардың әрқайсысында 324 орынға арналған “Турист” класты вагондар, сондай-ақ, бар мен мейрамхана вагоны қарастырылған”, – деп хабарлады компания.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы желтоқсан мерекелерінде — ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушы пойызы жолға шығады. Атап айтқанда:

1) №202/201 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері Шымкент стансасынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі.

2) №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері Алматы-1 стансасынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі.

3) №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе стансасынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда стансасынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button