Записи по тегам: Балалар

ДДҰ балаларды вакцинациялауға қарсы шықты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен жасөспірімдерді коронавирустан әмбебап вакцинациялауды құптамайды. Бұл туралы сәрсенбі күні Женевада ДДҰ-ның иммундау жөніндегі сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобының мәлімдемесінде айтылған.

Читать дальше »

Теміртауда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Теміртауда ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған облыстық оңалту орталығы жұмыс істей бастады. Бұрын ата-аналар оларды Қарағандыға алып баратын, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Читать дальше »

Еңбек министрлігі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы АӘК тағайындау кезінде табыс ретінде есептелетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, енді мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақылар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетіні туралы ақпарат шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды kt.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читать дальше »

Қазақстанда қай жастағы балаларға вакцина салынатыны айтылды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.

Читать дальше »

Коронавирустың жаңа штамдарының таралуы: Балалардағы алғашқы белгілер

Егер пандемияның басында балаларда коронавирус көп жағдайда жеңіл немесе асимптоматикалық түрде өтсе, вирустың жаңа штамдарының пайда болуымен ауру күшейе түсті. COVID-19 белгілері және оның балаларға қалай әсер ететіні жөнінде педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар инфекциясы кафедрасының профессоры Лəззат Ералиева айтып берді.

Читать дальше »

Балалар коронавирусты қалай өткеріп жатыр?

COVID-19 бейімделіп, мутацияға ұшырады. Өткен жылы Алматыда дерттің ауыр түрімен ауруханаға жатқызылған балалар саны 10-15%-дан аспады, алайда биыл жаңа штамм инфекцияның ағымына және белгілеріне өзгерістер енгізді, деп жазады baq.kz.

Читать дальше »

Жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін азайту шаралары қолға алынады

«Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру барысы туралы онлайн-баспасөз конференциясы өтті. Онлайн баспасөз конференциясына ҚР Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы Динара Сәдуақасова, өңірлік жастар …

Читать дальше »

Жас қарағандылықтар үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады

4 жастан 17 жасқа дейінгі жас қарағандылықтар үйірмелер мен секцияларға тегін бара алады. Жоба artsport.edu.kz порталында жүзеге асырылады. ақпараттық портал қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруға ваучер алу үшін өтінімдерін тіркеу және беру үшін әзірленген.

Читать дальше »